Грепплингтен ұлттық құраманы құру үшін ел чемпионаты өтеді

829

Грепплингтен ұлттық құраманы құру үшін ел чемпионаты өтеді

Сәуірдің 8-і күні Қарағандыда грепплингттен балалар, жасөспірімдер, жастар, ерлер және әйелдер арасында Қазақстан чемпионаты өтеді, деп хабарлайды prosports.kz. 

Жарыстың басты мақсаты грепплинг спортын дамыту, осы спорт түрінен ұлттық құрама командасын құру үшін мықты спортшыларды анықтау және Азия мен Әлем біріншіліктеріне  іріктеу болып табылады.  

Бұл жарысқа жасы 10-нан асқан балалардан бастап одан жоғары кез келген азаматтар қатыса алады. Жарыс  "Жастар" спорт кешенінде халықаралық федерация белгілеген ережеге сәйкес, жас пен салмақ дәрежелері бойынша өткізіледі. 

Ел чемпионаты сағат 10:00-де, ал, салмақ өлшеу рәсімі бір күн бұрын осы спорт кешенінде өткізіледі. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу