Грета Тунберг Швецияның НАТО-ға кіруіне қарсы

597

29 маусымда Брюссельде өткен саммитте НАТО елдерінің басшылары Финляндия мен Швецияны одаққа қосылуға ресми түрде шақырған болатын.

Грета Тунберг Швецияның НАТО-ға кіруіне қарсы

Швецияның танымал эко-белсендісі Грета Тунберг өз елінің Солтүстік Атлантикалық одаққа кіруіне қарсы. 

Ол өзінің Twitter-дегі парақшасында "НАТО-ға жол жоқ!" деп жазды. Бұл ұранды ол Fridays For Future (FFF) ұйымының бастамасымен ұйымдастырылған Стокгольм көрмесі аясында жариялады.

Сонымен қатар басқа эко-белсенділер Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоғанның Стокгольм мен Хельсинкиден Күрдістан жұмысшы партиясы және оның құрылымдарымен күрес жүргізуді талап етуін қолдамай, Күрдістан еркін болуы керек деп ұрандатты.

29 маусымда Брюссельде өткен саммитте НАТО елдерінің басшылары Финляндия мен Швецияны одаққа қосылуға ресми түрде шақырған болатын. Түркия бастапқыда олардың одаққа кіруіне қарсы болып, шарт қойған болатын. Бірақ кейін тараптар ортақ мәмілеге келіп, Анкара райынан қайтты. 

Табиғат Нұрболат

Фото: epa.eu

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу