Гриффитс BOEING 737 MAX ұшағына байланысты пікір білдірді

1053

Ал Эйр Астана Боинг 737 макс ұшағының 30 данасын сатып алу туралы ниетхатқа қол қойған болатын.  

Гриффитс BOEING 737 MAX ұшағына байланысты пікір білдірді

Ал, Қазақстан авиациялық әкімшілігінің басшысы Боинг 737 Макс ұшақтарының қауіпсіздігіне көз жеткізбей ешқандай құжатқа қол қоймайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Atameken Business.    

Питер Гриффитс "қара тізімге" іліген ұшақтың тағдыры екі-үш айдан кейін, тексеріс қорытындысы бойынша белгілі болатынын айтты. Әуе кемесін қайта сертификату үшін тіпті елімізге ұлыбританиялық маман тартылған.

Айта кету керек, әлем бойынша пайдалануға тыйым салынған ұшақтың еліміздегі жалғыз данасы Скат компаниясында тіркелген. Дәл осы Скат тыйым салынған ұшақтың тағы бесеуіне тапсырыс берген көрінеді. Ал, Эйр Астана Боинг 737 макс ұшағының 30 данасын сатып алу туралы ниетхатқа қол қойған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу