Қазақстандық теннисші Григорий Ломакин халықаралық турнирге қатысып жатыр, деп хабарлайды Olympic.kz.
15 шілдеде Ломакин екі кездесу өткізіп, екеуінде де жеңіске жетті. Бірінші кездесуінде қазақстандық теннисші Ұлыбританиялық Митчелл Джонсонды 3:6, 6:4, 10:8 есебімен жеңді. Екінші ойында АҚШ спортшысы Себасьтян Мурильді 6:2, 6:2 есебімен айқын басымдықпен ұтты.
Айта кетерлігі, Ломакин ATP рейтингінде 879-орында келе жатыр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу