Григорий Сартаков пен Алексей Щеткин ұлттық құрамада ойнайды

617

Григорий Сартаков пен Алексей Щеткин ұлттық құрамада ойнайды

Қазақстан құрамасының бас бапкері Александр Бородюк 2018 жылғы әлем чемпионатының іріктеу сынында Дания құрамасымен ойнайтын құрама футболшыларының тізімін жария етті. Бұл туралы kostanaytany.kz хабарлайды.

Олардың қатарында қостанайлық екі ойыншы бар. Өткен турда тамаша голымен жанкүйерлер есінде қалған қорғаушы Григорий Сартаков пен турдың үздік ойыншысы атанған шабуылшы Алексей Щеткин ұлттық құрама намысын қорғамақ. Дания құрамасына қарсы іріктеу ойыны 10 маусым күні, Астана уақыты бойынша сағат 22-00-де Алматының Орталық стадионында өтеді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу