Group-IB негізін қалаған Илья Сачков мемлекеттік опасыздық ісі бойынша екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды Inbusiness.kz Forbes.ru сайтына сілтеме жасап. Ол 20 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Бұған дейін киберқауіпсіздікпен айналысатын бұл компания тексеруден өткен еді.
Сачков ҚК-тің 275-бабы (мемлекеттік опасыздық) бойынша күдікті деп танылды. Сейсенбіде Group-IB-дің Мәскеудегі штаб-пәтерінде тінту жүргізілді. Компанияның баспасөз қызметі неліктен тексеріліп жатқанынан хабардар еместігін және компания штаттық режимде жұмыс істеп жатқанын мәлімдеген болатын.
Group-IB ақпараттық қауіпсіздік саласында бағдарламалық қамтамасыз етумен айналысады және интернетте авторлық құқықты қорғау бойынша қызмет көрсетеді. Оның келиенттері қатарында Сбербанк, Альфа-банк, "Мегафон" және "Ростех" бар. Осы жылдың басында Сачков компания шетелдік биржалардың бірінде IPO өткізуді жоспарлап отырғанын хабарлаған еді.
Табиғат Нұрболат