Грузин Сагареджосында атыс салдарынан бес адам қаза тапты

475

Грузия армиясының бұрынғы әскери қызметкері жұмаға қараған түні Сагареджо қаласында бес азаматты пәтеріндегі балконнан атып өлтірген, тағы бес адам жарақат алды. 

Грузин Сагареджосында атыс салдарынан бес адам қаза тапты Фото: i3.wp.com

Ішкі істер министрі Вахтанг Гомелаури журналистерге хабарлағандай, қаза тапқандардың арасында қылмыскерді бейтараптандыру жөніндегі арнайы операцияға қатысқан полиция қызметкері бар, деп хабарлайды Inbusiness.kz.

"Қылмыстың не үшін жасалғаны әлі белгісіз. Біз 2021 жылға дейін қылмыскер Грузия армиясында қызмет етіп, Ауғанстандағы халықаралық бітімгершілік миссиясына қатысқанын анықтадық", - деді министр.

Ал полицейлер атқыштың пәтерінің есігін бұзып кіргенде қылмыскердің басы жарақаттанып, қансырап жатқан күйінде көреді.

Грузин БАҚ хабарлағандай, жараланған азаматтардың жағдайы ауыр, бірақ тұрақты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу