Грузиндер Владимир Познерді Тбилсиден қуып жіберді

1283

87 жасқа толған туған күнін тойлауға Тбилисиге келген Владимир Познер күтпеген жерден грузиндердің қарсылығына тап болды, деп хабарлайды Atameken Business.        

Грузиндер Владимир Познерді Тбилсиден қуып жіберді

Тіпті ресейлік журналист тоқтаған қонақ үйге топтасып келгендер "Грузиядан кет" деп айғайға басып, жұмыртқа лақтыруға дейін барды. Анықталғандай журналистке жұмыртқа лақтырғандар "Дроа" деп аталатын жергілікті саяси қозғалыстың мүшелері екен. Олардың мұндай қадамға баруға журналистің 2014 жылы Абхазиядағы жағдайға қатысты Грузияның территориясына күмән келтіріп, телебағдарламаның бірінде жасаған мәлімдемесі себеп. Содан бері оппозициялық ұйым "Познерды Грузияға кіргізбей керек" деп петиция ұйымдастырып келген. Познердің өзі бұдан бейхабар сынды. Себебі соңғы 3 жылдан бері 1-ші сәуірдегі туған күнін Тбилисиде достарымен тойлауды дәстүрген айналдырған. Биыл да шоу бизнестегі достарымен бірге келген. Бірақ "Грузиядан кет!" деп айғалағындар оның қонақ үйден шықпасына қоймаған. Шұғыл шақыртылған автобуспен қонақтар бірден әуежайға аттаныпты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу