Барлығы 65,3 мың жеке тұлғаның салық берешегін есептен шығарылды, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Қарыздың жалпы сомасы 423,1 миллион лари (155,5 миллион доллар) болды. Грузия үкіметі 2024 жылдың сәуірінде салық амнистиясын жариялап, борышкерлерге кепіл, ипотека және мүлікті тыйым салу түріндегі мәжбүрлі төлем шараларын қолданбауға уәде берді.
Қарыздар автоматты түрде есептен шығарылады, бұл үшін кірістер қызметіне хабарласудың қажеті жоқ.
Билік түсіндіргендей, рақымшылық қарызға байланысты қиын қаржылық жағдайға тап болғандардың жұмысқа қайта оралуына мүмкіндік береді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу