Грузия билігі 2026 жылғы Еуроодақ гранттарынан тағы да бас тартпақ

82

Министрдің бірінші орынбасары ЕО гранттарынан бас тартуға қарамастан, Грузия қарыз алатынын атап өтті.

Грузия билігі 2026 жылғы Еуроодақ гранттарынан тағы да бас тартпақ Фото: minval.az

Бұл туралы республиканың қаржы министрінің бірінші орынбасары Георгий Какауридзе парламентте 2026 жылғы бюджет жобасын таныстыру кезінде журналистерге жеткізді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты ТАСС-қа сілтеме жасап.

"Сіздер 2026 жылы да бюджет қолдауына арналған гранттарды көрмейсіздер. Біз онымен айналыспаймыз. Бүгінгі жағдай бойынша Еуроодақтың түрлі ведомстволарымен гранттар тарту бағытында жұмыс жүргізілмей отыр, себебі біздің жарияланған саясатымыз — бюджет қолдауына арналған гранттармен жұмыс істеуге негізделмеген", деді Какауридзе.

Министрдің бірінші орынбасары ЕО гранттарынан бас тартуға қарамастан, Грузия қарыз алатынын атап өтті.

Бұл қаражат инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыруға жұмсалады.

2024 жылғы 28 қарашада "Грузия арманы — Демократиялық Грузия" билеуші партиясы ЕО-мен мүшелікке кіру жөніндегі келіссөздерді ашу мәселесін 2028 жылға дейін тоқтата тұру және Еуроодақ тарапынан барлық бюджеттік гранттардан бас тарту туралы шешім қабылдаған еді. Сол кезде Грузия премьер-министрі Ираклий Кобахидзе Тбилисидің ЕО-ға кіру бойынша өз міндеттемелерін тек өз бюджетінің есебінен орындауды жалғастыруға ниетті екенін айтқан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу