Грузия билігі Саакашвилиді жан сақтау бөліміне ауыстыруға қарсылық білдіруде

429

Саакашвили өкілі Георгий Чаладзенің айтуынша, Грузия билігі бұл оның босатылуына заңды негіз бола алады деп сенеді. 

Грузия билігі Саакашвилиді жан сақтау бөліміне ауыстыруға қарсылық білдіруде Фото: gdb.rferl.org

Қазіргі грузин билігі темір торға қамаған Грузияның бұрынғы президенті Михаил Саакашвилидің жақтастары сейсенбіде оның денсаулығы күннен-күнге нашарлап, өлім алдында тұрғанымен оны реанимация бөліміне ауыстыруға рұқсат берілмей жатқанын хабарлады, деп жазады Inbusiness.kz.

2004 жылдан 2013 жылға дейін Грузияны басқарған Саакашвили билікті асыра пайдаланды деген айыппен алты жылдық жазасын өтеп жатыр. Оның жақтастарының пікірінше, бұл айыптаудың астарында саяси себептер жатыр.

Саакашвилидің денсаулығын бақылайтын жеке дәрігерлері оның түрмеге түскеннен бері жағдайы айтарлықтай нашарлағанын айтады.

Ол Тбилиси клиникасында емделуде, бірақ оның адвокаттары оны шетелдік клиникаға ауыстыру керектігін алға тартады.

Чаладзе 55 жастағы Саакашвили сейсенбіде реанимация бөліміне ауыстырылуы керек болғанын, бірақ соңғы сәтте кейін қайтарылғанын жеткізді. Өйткені Грузия билігі мұндай әрекеи "оны босатуға заңды негіз бере алады... немесе, кем дегенде, пенитенциарлық жүйеден босатады" деп сенеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу