Грузия халқы "шетелдік агенттер туралы заңға" қарсы наразылық акциясына шықты

203

Грузия парламентінде полициямен қақтығыс болды. 

Грузия халқы "шетелдік агенттер туралы заңға" қарсы наразылық акциясына шықты Фото: Рамблер/новости

Грузияның ішкі істер министрлігі Грузия парламенті талқылап жатқан "шетел агенттері туралы" заңға қарсы Тбилисидегі наразылық акциясына қатысқан  14 адам әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін ұсталғанын хабарлады. Сондай-ақ наразылық білдірушілердің әрекетінен бір полицей жарақат алып, медициналық көмекке мұқтаж екенін мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

15 сәуірде Руставели даңғылындағы парламент ғимаратының маңында "Шетел ықпалының ашықтығы туралы" заң жобасына қарсы мыңдаған адам наразылық шеруіне жиналды.

Бұл заң жобасын биліктегі "Грузин арманы" партиясы бір жылдан кейін жаппай наразылықтар билікті құжатты кері қайтарып алуға мәжбүр еткеннен кейін қайта ұсынды.

Заң жобасына сәйкес қаржыландырудың 20 пайызынан астамын шетелден алатын үкіметтік емес ұйымдар мен БАҚ-тарды "шетел агенті" ретінде тіркеуді талап етеді.

Грузия премьер-министрі Ираклий Кобахидзе мұндай заң грант алушылардың қаржылық ашықтығын қамтамасыз ету үшін қажет екенін айтты. Алайда оппозициялық партиялар мен тәуелсіз журналистер бұл заң жобасы Грузиядағы сыни пікірді басып, елдің еуропалық одаққа  кіру мүмкіндігін жоққа шығару әрекеті деп санайды.

Олардың айтуынша, заң жобасы Ресейдің "шетел агенттері" туралы заңының көшірмесі.

"Грузия қайта кеңестендіруге бағынбайды!" – деп жазды президент Саломе Зурабишвили X әлеуметтік желісінде.

Грузия үкіметі Ресей заңнамасымен салыстыруды жоққа шығарады. Ал 15 сәуірде күні құқықтық мәселелер комитеті заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.

Талқылау кезінде оппозициялық "Азаматтар" партиясының депутаты Александр Элисашвили мен "Грузин арманы" партиясының хатшысы Мамука Мдинарадзе жанжалдасып қалды. Элисашвили мінберден депутаттардың сұрақтарына жауап беріп жатқан қарсыласына шабуыл жасап, басынан ұрған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу