Грузия Қазақстанға қарызын қайтарып жатыр

1336

Грузия Қазақстанға қарызын қайтарып жатыр

Грузия өзінің мемлекеттік қарызын төлеуді жалғастыруда. 2018 жылға бекітілген кесте бойынша, төлем сомасы 6,6 млн АҚШ долларын құрайды. Бұл туралы Интерфакс-Қазақстан хабарлайды.
"Келісілген кестеге сәйкес Грузия үкіметі Қазақстан үкіметіне биыл  төрт траншпен $6 650 644,43 өтеу керек", - дейді ведомстводан.
Кестеге сәйкес бірінші транш 2018 жылдың 10-наурызында жіберіледі. Келесі транштарды жіберу 30 маусым мен 30 желтоқсан аралығына жоспарланған.   
Грузия қарызын беруді 2017 жылы бастаған. Өткен жылы еліміздің қазынасына аталған ел үкіметі $6,5 млн аударды.
Негізгі қарыз сомасы - $25,48 млн, пайыз бен берешекті қоса алғанда грузин үкіметі Қазақстанға $37,9 млн қайтару қажет.
Мемқарызды қайтару мерзімі 2017-2025 жылдарға белгіленген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу