Грузия Қазақстаннан алғаш рет күнбағыс майын сатып алды

701

Грузия өз тарихында екінші мәрте Қазақстаннан күнбағыс майын сатып алды. Бұрын оны Украина мен Ресейден жеткізетін. Алайда күрделі геосаяси ахуалға байланысты биыл қазақстандық өндірушілерге бет бұрды, деп хабарлайды inbusiness.kz 24.kz-ке сілтеме жасап.  

Грузия Қазақстаннан алғаш рет күнбағыс майын сатып алды Фото: elorda.info

Грузия алғаш рет Қазақстаннан күнбағыс майын осыдан сегіз жыл бұрын сатып алған еді. Ал биыл өзара сауда тағы жанданып, грузиндер қазақ елінен 300 тоннадан астам май импорттады.

Грузия ұлттық статистика қызметінің мәліметінше, алғашқы 9 айда Грузияның Қазақстанмен жасаған импорт мөлшері былтырғымен салыстырғанда 75 процентке өсіп, 24 миллион доллардан асты. Сұйық маймен қатар тыңайтқыштар, бидай секілді кейбір қазақстандық тауарлардың да импорты артты. Алайда Грузия нарығы үлкен емес, сондықтан қазақ өндірушілері оған аса қызықпайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу