Грузияның Армениямен шекаралас Дманиси қаласының маңында жер сілкінісі болды, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы gazeta.ru сайтына сілтеме жасап.
Ұлттық сейсмикалық мониторинг орталығының дерегінше, Тбилиси уақыты бойынша түнгі сағат 23:53-те магнитудасы 5,3 балл болатын жер сілкінісі тіркелген.
Зілзала ошағы – Дманиси қаласы, тереңдігі – 9 шақырым. Тбилисиде жер асты дүмпулері де сезілді. Зардап шеккендер мен ғимараттардың қирағаны туралы ақпарат жоқ.
Арменияның Төтенше жағдайлар министрлігі жергілікті уақыт бойынша 23.35-те Армения – Грузия шекарасында жер сілкінгенін хабарлады. Зілзаланың магнитудасы – 4,9 балл.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу