Грузия мен Әзірбайжан азаматтары Қазақстанға заңсыз көлік тасып жүр

865

Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметіне сүйенсек, Әзірбайжан мен Грузия азаматтары көлікті жеке пайдалануға әкеліп, бірақ біраз уақыттан кейін Қазақстанда қалдырып кетіп жатыр, деп жазады inbusiness.kz

Грузия мен Әзірбайжан азаматтары Қазақстанға заңсыз көлік тасып жүр

ЕАЭО заңы бойынша, көлікті уақытша әкелу мерзімі аяқталғаннан кейін (бұл 1 жыл) автокөлік құралдары одақ аумағынан шығып кетуі керек. Шығып кетпеген жағдайда ЕАЭО қолданыстағы заңнамаға сәйкес тиісті шаралар қолданылатын болады. 

Яғни комитет, аталған елдің азаматтары "уақытша әкелінген" көліктер қазақстандықтарға беріліп жатыр деп дабыл қағуда.

"Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕАЭО) кеден аумағына үшінші елдерден уақытша әкелінген көлік құралдары шетелдік тауарлар болып саналады және кедендік бақылауда болады. КК уақытша әкелінген көлік құралдарын сатып алуға және Қазақстан аумағында пайдалануға тек кедендік тазартудан соң және тиесілі кедендік алымдарды және салықтарды төлеген соң ғана қолдануға болатынын ескертеді", – деп жазылған хабарламада.

Қазіргі таңда 125 автокөлік ұсталып, уақытша сақтау қоймаларына орналастырылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу