Грузия мен басқа елдерде Саакашвилиді қолдайтындар көшеге шықты

533

Түрмеде отырған Грузияның бұрынғы президенті Михаил Саакашвилиді босату талабымен наразылық акциялары Грузияның Тбилиси, Кутаиси сынды бірқатар қалаларында, сондай-ақ Еуропа елдерінде де өтті.    

Грузия мен басқа елдерде Саакашвилиді қолдайтындар көшеге шықты Фото: euronews.com

Оппозиция ұйымдастырумен өткен шеруге "Мишаны Құтқарыңдар!" ұранымен қатысушылар саясаткердің денсаулығының күрт нашарлауына байланысты оны шетелге емдеуге жіберуге шақырды, деп хабарлайды Inbusiness.kz Euronews-ке сілтеме жасап.

"Біз Грузияның үшінші президенті Михаил Саакашвилидің денсаулығына байланысты ұйымдастырылған жаһандық акцияға қосыламыз. Митингті украиналық достар жариялады және қазір демонстрациялар мен манифесттер әртүрлі елдерде өтіп жатыр. Басты мақсат - оны аман алып қалу, Михаил Саакашвилиді құтқару", - деді "Бірыңғай ұлттық қозғалыс" өкілі Акаки Минашвили.

Саакашвили 2021 жылдың 1 қазанында Украинадан оралғаннан кейін бірден ұсталды және билікті асыра пайдаланғаны үшін Грузия түрмесіне алты жылға қамалды. Оның жақтастары сот шешімінің саяси астары бар деп санайды. Бірнеше апта аштық жариялаған Саакашвилидің денсаулығы нашарлай бастады.

Шетелдік әрі жергілікті мамандар Михаил Саакашвилидің тез дамып келе жатқан деменциясы шалдыққан дейді. Аурудың ушығуы оның ауыр металдармен улануына байланысты болуы мүмкін деп санайды. Грузия билігі экс-президенттің денсаулығының ауыр жағдайы туралы мәлімдемелермен келіспейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу