Грузия мен Қазақстан арасындағы тауар айналымы бір жылда жеті есеге өсті

782

Соңғы 17 жылда Грузия Қазақстанға $400 млн инвестиция салған.

Грузия мен Қазақстан арасындағы тауар айналымы бір жылда жеті есеге өсті Фото: Деловой Казахстан

Грузия мен Қазақстан арасындағы тауар айналымы 2022 жылы жеті есеге өсіп, 6 600 млн асты, деп хабарлайды inbusiness.kz Тбилисиге сапармен барған Қазақстан премьер-министрі Әлихан Смайылов мәлімдемесіне сілтеме жасап.

"Грузия - Қазақстанның оңтүстік Кавказдағы маңызды саяси әрі экономикалық серіктесі. Келіссөздер барысында біз екі ел Еуропа мен Азия арасындағы транзит тұрғысынан маңызды рөл атқара алады деген пікірге келдік", — деді ол.

Оның айтуынша, соңғы 17 жылда Грузия Қазақстанға $400 млн инвестиция салған, оның ішінде өткен жылы $ 100 млн бөлінген. Өз кезегінде Қазақстан Грузияға $530 млн астам инвестиция салды.

Грузия Премьер-Министрі Ираклий Гарибашвили Қазақстанмен 2027 жылға дейін "Орта дәлізді " дамыту жоспары келісілгенін мәлімдеді.

"Біз Әзербайжан мен Қазақстанмен барлық кедергілерді алып тастау және "орта дәлізді", соның ішінде Орталық Азия, Қытай мее жалпы Азия елдері үшін осы бағыт бойынша көбірек жүктердің өтуі үшін оны тартымды ету мақсатында ынтымақтасамыз", — деді ол.

Гарибашвилидің айтуынша, қазір теміржолдарды жаңартуға айтарлықтай инвестиция салынуда, бұл олардың өткізу қабілетін екі есеге арттырады.

Қазақстан Премьер-Министрінің ресми кездесу рәсімі үкімет әкімшілігінде өтті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу