Бұл туралы Түрікменабад халықаралық әуежайының баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Жаңа халықаралық жүк қатынасы Түркіменстан мен Грузия арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты нығайтудағы тағы бір маңызды қадам болатыны атап өтілді.
2023 жылдың қазан айынан бастап Грузияның Geo Sky авиакомпаниясы Тбилиси — Чжэнчжоу (Қытай) — Түрікменабат — Сарагоса (Испания) бағыты бойынша тұрақты жүк рейстерін орындайды.
Осы аптаның басында Әзербайжан, Түрікменстан, Грузия мен Румыния "Каспий теңізі — Қара теңіз" халықаралық көлік бағытын құратыны хабарланды. Бухарестте 2024 жылдың соңына дейін тиісті төрт жақты үкіметаралық келісімге қол қойылады деп күтілуде.
Бұл Украинаның айналасындағы геосаяси дағдарыс пен Батыстың бұрын-соңды болмаған Ресейге қарсы санкциялары аясында Ресейді айналып өтер тағы бір бағыт болады деп болжануда.