Грузия оппозициясы жаңа наразылық акциясын жариялады

139

Наразылық өкілдері парламент сайлауының нәтижесіне әділетсіз деп бағалап, тағы бір шеру өткізді.  

Грузия оппозициясы жаңа наразылық акциясын жариялады Фото: Парламентская газета

Бірлескен баспасөз мәслихатында Грузияның бірнеше саяси партияларының өкілдері тиісті мәлімдеме жасады, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Саясаткерлердің айтуынша, олар 26 қазанда елде өткен парламенттік сайлауда "фальсификацияны дәлелдейтін көп дәйектер" жинай алды. Олар жаңа сайлау өткізуге және "кең таралған сайлау қылмыстарын халықаралық тергеуге" шақырды.

Оппозицияшылар 4 қараша, дүйсенбі күні Тбилиси орталығында өтетін шеруде егжей-тегжейлі іс-қимыл жоспарын жариялауға уәде берді. 

"Біз дүйсенбі күні сағат 19.00-де Руставелиде кездесіп, іс-қимыл жоспары туралы хабарлаймыз", – деді "Күшті Грузия" коалициясынан Ана Долидзе.

БАҚ оппозициялық Грузия коалициясының өкілі Эллен Чоштарияның сөздерін келтіреді: "Елімізде мемлекеттік төңкеріс болды, біздің ортақ міндетіміз – көшеге шығып, елдің болашағына бақылауды қалпына келтіру".

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу