Грузия Премьер-министрі Қазақстанның теміржолдағы цифрлық жаңалықтарымен танысты

120

Олжас Бектенов пен Грузия Премьер-министрі Ираклий Кобахидзе "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ кеңсесінде болды, онда грузиялық делегацияға Қазақстанда теміржол саласында енгізіліп жатқан цифрлық шешімдер ұсынылды.  

Грузия Премьер-министрі Қазақстанның теміржолдағы цифрлық жаңалықтарымен танысты Фото: primeminister.kz

ҚТЖ кеңсесін аралау барысында Грузия Премьер-министрі "Бірыңғай цифрлық терезе" қосымшасының және теміржол көлігіндегі "ақылды" жүйенің жұмысымен танысты, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Бұл инновациялық шешімдер рәсімдерді жеңілдетуге, жүк тасымалдау уақытын қысқартуға және теміржол логистикасы саласындағы ашықтықты қамтамасыз етуге бағытталған.

Бүгінде "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ мен "Грузин темір жолы" АҚ арасында екі елдің транзиттік ағындары мен экономикасын жандандыруға ықпал ететін серіктестік орнаған.

Сонымен қатар, Транскаспий халықаралық көлік бағытының мультимодальды қызметін дамыту мақсатында құрылған Middle Corridor Multimodal Ltd. бірлескен кәсіпорны аясында ынтымақтастық орнатылды.

Тараптар порттар мен терминалдардың әлеуетін аша отырып, қолда бар көлік-логистикалық мүмкіндіктерді пайдалану арқылы жүк тасымалы көлемін арттыру жұмысын жандандыру ниетін растады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу