Ресей импортын шектеуге кіріскен грузиндер бидайды Қазақстаннан сатып алуды жоспарлауда. Бұл туралы Грузияның ұн өндіруші қауымдастығының атқарушы директоры Леван Силагава мәлімдеді, деп хабарлайды Atameken Business.
Оның айтуынша, стратегиялық өнімді тек бір елден ғана тасымалдау дұрыс емес. Қазір олар Ресей өнімін нарықтағыдан да арзан бағаға сатып алып отыр. Дегенмен, импортты диверсификацияламаса болмайды. Сол себепті олар біздің елді таңдаған.
3 ай бұрын Грузияның экономика министрі Қазақстанға келгенде үкіметпен бидай тасымалына қатысты келісім жасаған. Сол кезде тариф 50 пайызға дейін төмендетілген еді. Сондықтан оларға Қазақстан бидайын тұтынған тиімді болмақ.
Грузия жыл сайын 800 мың тоннаға жуық астық сатып алады. Жергілікті өндіріс соның небәрі 12-15 пайызын құрайды.