Грузия Ресейден газ сатып алуды тоқтатады

698

Грузия Ресейден газ сатып алуды тоқтатады

Грузия биылдан бастап Ресейден газ сатып алуды жоспарламайды. Себебі жылуға қатысты барлық сұранысты Әзербайжан жаппақ. Бұл жөнінде Грузияның экономика министрінің орынбасары Георгий Чиковани мәлімдеді, деп хабарлайды abai.kz.
Грузия оппозициясы осыған дейін Мәскеу мен Тбилиси Арменияға жылу жеткізу транзитін "монетизациялауға" уағдаласқанан кейін, үкіметтің ресейлік "Газпром" компаниясынан табиғи газ алуға қауқары жоқ деп мәлімдеген. Шенеуніктер мұны теріске шығарған.
"Ресейлік газды сатып алуға ақша жетпейді деп айтуға болмайды. Грузияға ресейлік газ енді керек емес, себебі Әзербайжан газы жетіп артылады", – деп мәлімдеді министрдің орынбасары.
"Газпром" мен Грузия үкіметінің келісіміне сәйкес, Арменияға газ тасымалдағаны үшін жартылай ақшамен, жартылай шикізатпен төленіп келген. Енді биылдан бастап тек қана ақшалай төленеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу