Грузия Ресейге тікелей санкциялар салмайды

700

Грузияның "Грузин арманы" басқарушы партиясының төрағасы Ираклий Кобахидзе Ресейге қарсы тікелей екіжақты санкциялар енгізу тиімді емес шешім екенін "Имеди" эфирінде айтты, деп хабарлайды жаңалықтар-Грузия.  

Грузия Ресейге тікелей санкциялар салмайды Фото: Риа Новости

"Біз Ресей Федерациясына санкция салсақ, өз еліміз бен халқымызды жазалаған боламыз, сондықтан мұндай шешімдер қабылдамаймыз", – деді ол.

Кобахидзе оппозицияның бұл шешім Ресейдің ресейшіл Үкіметіне "сыйлық" екендігі туралы мәлімдемесін ақылға қонымсыз деп атады.

"Біз Ресейге қарсы санкциялар енгізу Грузия экономикасына кері әсер етеді деп есептейміз. Мысалы, өткен жылы бізде 10 пайыздан астам екі таңбалы экономикалық өсім болды. Ал біз санкциялар енгізер болсақ, бізде кем дегенде 10-18 пайыз аралығында екі таңбалы экономикалық құлдырау болар еді. Міне, радикалды оппозиция талабы неге жеткізер еді. Олар елді қиратқысы келді, бірақ біздің берік ұстанымымыз ондайға жол бермейді ие", – деді Кобахидзе.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу