Грузияның азаматтық авиация агенттігі ресейлік Red Wings компаниясына маусым айынан бастап елге тікелей рейстер жасауға рұқсат берді. Red Wings Ресейден Грузияға тікелей рейстер жасау құқығын алған екінші авиакомпания болды, деп хабарлайды inbusiness.kz "Коммерсант"-қа сілтеме жасап.
Осыған ұқсас құжатты 15 мамырда "Азимут" әуекомпаниясы алды.
"Ағымдағы жылдың маусым айынан бастап Red Wings Әуекомпаниясы Сочи-Тбилиси-Сочи және Мәскеу-Кутаиси-Мәскеу әуе маршруттары бойынша жұмыс істей бастайды. Авиакомпания Еуроодақтың қара тізімінде жоқ", - делінген агенттіктің хабарламасында.
Ұшуға қажетті рұқсат ресейлік авиакомпанияға 18 мамырда берілді.10 мамырда Ресей президенті Владимир Путин ресейлік авиакомпаниялар үшін Грузияға ұшуға рұқсат берді. 15 мамырдан бастап Грузия азаматтары үшін визалық режим жойылды.
Грузия азаматтары шекарадан өтерде төлқұжатын көрсетіп, Ресейде 90 күнге дейін еркін жүре алады.
Осыған орай Тбилисидегі Парламенттің жанында кішігірім наразылық акциясын өткізіп, билікті Ресеймен әуе қатынасынан және визасыз режимнен бас тартуға шақырғанын еске саламыз https://inbusiness.kz/kz/last/tbiliside-resejmen-aue-katynasyna-karsy-miting-otti