Грузия үкіметі мен "ҚазТрансГаз" (ҚТГ) компаниясы "ҚазТранГаз-Тбилиси" мәртебесі туралы дауды бейбіт жолмен реттеуге тырысады, деп ҚТГ-ның экономика және қаржы жөніндегі бас директорының орынбасары Даир Көшеров "Интерфакс-Қазақстан" агенттігіне хабарлады.
"Тап қазіргі уақытта "ҚазТрансГаз" АҚ пен Грузия үкіметі арасында берілген мәселелер тақырыбына қатысты ( "ҚТГ-Тбилисиді" сату бойынша кво мәртебесі) мәселені төрелік сот қарауда. Грузиялық және қазақстандық тарап дауды бейбіт жолмен шешуге тырысуда", - деді Даир Көшеров.
Ол халықаралық төрелік соттардың регламенті бойынша "тараптар арасында басқа туралы нақты жазбаша келісім болмағанда" дауға қатысушы тараптар "төрелік шешімдерге, төрелік талқылаудың басқа да материалдары мен төрелік сот барысында қарама-қарсы тараппен ұсынылған кез келген құжаттарға қатысты" құпиялықты сақтауға міндетті екенін айтты. Осыған байланысты компанияның өкілдері бұл іске қатысты әзірге басқа ақпарат бере алмайды.
Наурыз айында "ҚазТрансГаз" АҚ директорлар кеңесі төрелік даудың барысында "ҚазТрансГаз-Тбилиси" компаниясын 40 млн долларға "Грузиялық индустриялық топқа" сатуға шешім қабылдаған. Бұл шешімді Қазақстан экономикасын модернизациялау жөніндегі мемлекеттік комиссия мақұлдау керек.
2006 жылдың мамырында "ҚазТрансГаз" АҚ 12,5 млн долларға банкроттық тәртіптемеде тұрған Тбилиси газ бөлу компаниясы "ТбилГаз" АҚ-тың активтерін сатып алған. Содан кейін оның атауын "ҚазТрансГаз-Тбилиси" деп өзгерткен. Алайда 2009 жылы қазақстандық менеджмент басқарудан шеттетіліп ол арнайы басқарушының қолына берілген. Бұған компанияның қарыз болуы себеп болған.
Осы жылдар ішінде "ҚазТрансГаз" компанияны өз басқаруына алуға тырысып бақты, алайда тараптар бір келсімге келе алмағандықтан, қазақстандық тараптың бос сөзі көбейіп кетті. 2017 жылдың сәуірінде "ҚазТрансГаз" еншілес газ бөлетін "ҚазТрансГаз"- Тбилиси" компаниясын бақылауды қайтарып алу үшін және 180 млн доллар шамасында шығынды өндіріп алу мақсатында Грузияның төрелік сотына елдің билігіне қарсы талап-арыз жолдаған.
2016 жылы қазақстандық тарап "ҚазТрансГаз-Тбилиси" компаниясын сатуға қою туралы ресми түрде хабарлады. Алғашқы кезеңде "Грузия индустриялық топ" (GIG) компаниясы қызығушылық танытты, олар тіпті бірнеше ай бойы келіссөз жүргізген, бірақ та нәтижесінде шешім қабылданбады.
2016 жылдың қарашасында GNERC "ҚазТрансГаз-Тбилиси" компаниясын 2018 жылдың 1 қаңтарына дейін басқаруға жаңа арнайы басқарушыны тағайындады, өткен жылдың желтоқсан айында арнайы басқару 2018 жылдың сәуіріне дейін ұзартылды.
"ҚазТрансГаз" – Қазақстандағы газ және газбен жабдықтау саласындағы ұлттық оператор.