Грузияда "телефон әңгімесін тыңдау" туралы заң қабылданды

942

Грузияда "телефон әңгімесін тыңдау"  туралы заң қабылданды

Грузия парламенті сәрсенбі күні азаматтардың телефон әңгімесін тыңдауға мүмкіндік беретін заң қабылдады, деп жазады "Интерфакс".

Заңға сәйкес, Грузияның арнайы қызметінің аясында мемлекет қауіпсіздігіне қатер төнгені туралы жедел ақпарат негізінде жасырын түрде телефон әңгімелерін тыңдап, жазатын, сондай-ақ әлеуметтік желілерді қадағалайтын, нақты уақытта орналасу орынын анықтап, жасырын бейнетүсірілім жасайтын, пошта сәлемдемелерін тексеретін жедел-техникалық агенттік құрылады.

Агенттіктің басшысын Мемлекеттік қауіпсіздік қызметінің бастығы ұсынатын болады, ал МҚҚ, парламент, омбудсмен аппараты мен үкіметті таныстыратын жеті адамнан құралған арнайы комиссия лауазымды бекітеді.

Десе де жаңа заң арнайы қызметке сот санкциясынсыз өз білгенінше кез келген азаматтың әңгімесін тыңдауға мүмкіндік береді деп қауіптенеді оппозициядағылар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу