Грузияда 100 ларилық жаңа банкнот айналымға енді

1207

Грузияда 100 ларилық жаңа банкнот айналымға енді

Айналымға шыққан 100 лари Грузияның тарихи-мәдени мұрасын айқын көрсетеді. Жаңа банкнотта осы елдің белгілі жазушысы Шота Руставели мен оның "Жолбарыс терісін жамылған батыр" атты туындысының суреті бейнеленген. Ал кері жағында Грузияның ұлттық опера және балет театры және мемлекеттік әнұранның партитурасы салынған, деп хабарлайды 24 Хабар.

"Жаңартылған купюра тозудан сақтайтын арнайы материалдан жасалды. Аса көп кірлемейді де. Сондай-ақ көзі нашар көретін адамдар үшін ақшаның белгілері үлкейтілді", – деді Грузия Ұлттық банкінің атқарушы директоры Георгий Мелашвили.

Ал осы жылдың ақпан айында 20 және 50 ларилық банкноттар да жаңартылған болатын. Бұл купюралар жақында Бухаресте өткен халықаралық конференцияда "2016 жылдың үздік өңірлік банкнотасы" атанды. Естеріңізде болса, бұған дейін осы номинацияны үш жыл қатарынан еліміздің ұлттық валютасы жеңген болатын.

"2017 жылы Францияның Бордо қаласында өтетін шарап фестиваліне Грузия құрметті қонақ ретінде қатысады. Осы шараға орай біз 5 ларилық коллекциялық монета шығару туралы шешім қабылдадық. Айтып кеткен жөн, 100 лари 40 америкалық долларға тең. Келер жылы Ұлттық банк 5 және 10 лариді жаңартуды жоспарлап отыр", – деді Грузияның бас банкінің өкілі. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу