Грузияда 18 жастағы қазақстандық өмір бойына сотталуы мүмкін

99

Бұл туралы Грузияның ішкі істер министрлігі хабарлады.  

Грузияда 18 жастағы қазақстандық өмір бойына сотталуы мүмкін Фото: Видеодан скриншот/Грузия ІІМ

Ішкі істер органы қазақстандық азаматтың есірткі ісі бойынша ұсталғанын растады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ведомствоның мәліметінше, Имерети аймағындағы полиция департаментінің қызметкерлері Украина және Қазақстан азаматтарын – 2008 жылы туған К.К. мен А.Д.-ны ірі және аса ірі көлемде есірткі заттарын заңсыз сатып алу, сақтау және оны таратуға жәрдемдесу күдігімен ұстаған.

Күдіктілер әртүрлі уақытта қолға түскен.

Тергеу барысында жүргізілген тінту және тергеу эксперименті кезінде көрсетілген орындардан ірі көлемде метадон тәркіленген. Сонымен қатар есірткіні қаптауға арналған материалдар да табылып, айғақ ретінде алынған.

"Қылмыстық іс Грузия Қылмыстық кодексінің 260 және 260 прима баптары бойынша тергеліп жатыр. Бұл баптар 20 жылға дейін немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын қарастырады", – деп хабарлады Ішкі істер министрлігі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу