Грузияда 27 қараша аза тұту күні деп жарияланды

921

Грузияда 27 қараша аза тұту күні деп жарияланды

Жергілікті билік қонақ үйдегі қайғылы жағдайға байланысты осындай шешім қабылдады, деп хабарлайды 24.kz.

Еске салсақ, 2 күн бұрын Батуми қаласындағы 5 жұлдызды мейманхана отқа оранған еді. Соңғы мәлімет бойынша, тілсіз жау 11 адамның өмірін қиған. Тағы 20-дан астамы жарақат алып, медициналық көмекке жүгінді. Марқұмдар мен жапа шеккендер арасында шетелдіктер бар.

Өрттің спа-орталықтан шыққаны белгілі. Ол жерде "Грузия Аруы" байқауына қатысушылар сайысқа дайындалып жатқан болатын. Қазір оқиғаға байланыста тергеу амалдары жалғасып жатыр. "Қауіпсіздік ережелерін сақтамау" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Алдын ала мәлімет бойынша, қонақ үйде өрт кезінде қолданылатын саты болмаса керек. Ал оттың нақты неден тұтанғаны әлі анықталған жоқ.    

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу