Грузияда 30-ға жуық сайлау учаскесіндегі нәтижелер жоққа шығарылды

162

Билік басындағы "Грузин арманы" партиясы парламенттік сайлауда 53,9 пайыз дауыс жинап, ресми түрде жеңіске жетті. 

Грузияда 30-ға жуық сайлау учаскесіндегі нәтижелер жоққа шығарылды Фото: РБК

Грузияның аудандық соты дауыс беру құпиясын бұзғаны үшін 30 сайлау учаскесінде өткен парламент сайлауының қорытындысын жоққа шығарды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты "Азаттық" радиосының грузин қызметіне сілтеме жасап.

Сот Грузияның оңтүстігіндегі Тетрицкаро және Цалка облыстарындағы кездейсоқ үш сайлау учаскесінде дауыс беру процесін қайта жүргізіп, тексеріп көрді. 

Эксперимент нәтижесінде бюллетеньдің артқы жағында маркердің ізі қалатыны анықталды. Демек, бюллетень KOIB-ге (дауыс санау машинасы) енгізілгенде, сол маңда тұрған адамдар сайлаушының кімге дауыс бергенін түсіне алды.

Грузияның Орталық сайлау комиссиясының аудандық соттың шешіміне шағымдануға құқығы бар, бірақ сарапшылар прецедент қазірдің өзінде қалыптасқанын айтады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу