Грузияда бүгін кеншілердің қазасына байланысты аза тұту күні жарияланды, деп хабарлайды kavkaz-uzel.eu.
Еске салсақ, Ткибулидегі шахтада болған апаттан 6 кенші қаза тапты. Осыған байланысты марқұмдарды еске алу шаралары өтіп, елдегі барлық әкімшілік ғимараттардағы мемлекеттік тулар төмен түсіріледі.
Жарақат алған кеншінің жағдайы әлі ауыр. Оқиға орнында арнайы комиссия жұмыс істеп жатыр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу