Грузияда банкте кепілдікке алынған адамдар босатылды

554

Қаскөй өзімен бірге төрт адам алып, қашып кетті.

Грузияда банкте кепілдікке алынған адамдар босатылды

Грузияда полиция қызметкерлері Зугдидидегі банкте кепілдікке алынғандардың барлығы дерлік босатылды. Бұл туралы елдің ІІМ мәлім етті.

"Бірнеше сағатқа созылған арнайы операциядан кейін басқыншы кепілдікке алынғандардың басым бөлігін босатып, орнына ІІМ шенеунігі Автантила Галдаваны алды", – деп жазылған ресми мәлімдемеде. Ведомствоның дерегінше, ол сондай-ақ шенеунікпен бірге тағы үш адамды өзімен бірге алып, басқа жаққа кетіп қалған.

Еске сала кетсек, қару асынған адам күндіз Зугдидегі Грузия банкінің бөлімшесіне баса-көктеп кіріп, оның қызметкерлері мен клиенттерін кепілдікке алып, 500 мың доллар талап еткен болатын. Құтқарылған адамдардың денсаулығы бірқалыпты, барлығы да қауіпсіз жерге орналастырылған . 

Қазір құқық  қорғаушылар тергеу және іздестіру операциясын жүргізіп жатыр.

Табиғат Нұрболат

Фото: gazeta.ru

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу