Грузияда бес мың адам қатысқан бейбіт митинг өтті

525

Тбилисиде елдің бұрынғы президенті Михаил Саакашвилиді қолдауға арналған ауқымды бейбіт митинг өтті. 

Грузияда бес мың адам қатысқан бейбіт митинг өтті Фото: Anadolu Agency

Оған кемі екі мыңнан  бес мыңға дейін адам қатысқан. Грузиялық басылымдардың хабарлауынша, оны “Біріңғай ұлттық қозғалыс” партиясы өткізген. “Бірге Еуропаға” деп ұрандатқан шерушілер билікке төрт талап қойып отыр.

Оның біріншісі - қазір денсаулығының нашарлауына байланысты ауруханада жатқан Михаил Саакашвили мен Mtavari телеарнасының негізін қалаушы Ники Гварамияны тұтқыннан босату. 

Екіншісі - АҚШ-тың санкциясына іліккен барлық судьяларды отставкаға жіберу. 

Үшіншісі - наурыз айындағы акция кезінде тұтқындалған 21 жасар Лазар Григориадисті босату және соңғысы - Еурооақтың ұйымға ену үшін қойып отырған барлық талаптарын орындау.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу