Грузияда бір тәулікте төрт рет жер сілкінді

241

Бірінші 3,8 баллдық жер сілкінісі түс болмай тіркелді.

Грузияда бір тәулікте төрт рет жер сілкінді Фото: ies.iliauni.edu.ge

Жексенбіде Грузияда төрт жер сілкінісі болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Грузияның Ұлттық сейсмикалық бақылау орталығы сайтына сілтеме жасап. 

Эпицентрлер Рача-Лечхуми аймағында орналасты. Алғашқы 3,8 баллдық жер сілкінісі түс болмай Они қаласынан 9 шақырым жерде тіркелді. 

Екінші жағдай екі сағаттан кейін Они қаласынан 10 шақырым жерде болды, оның магнитудасы 4,7 болды. Магнитудасы 4,4 және 3,3 болатын үшінші және төртінші жер сілкінісі түстен кейін қаладан 7 және 12 шақырым жерде болды.

Зардап шеккендер мен қираған нысандар туралы хабарланған жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу