2023 жылдың 25-26 шілдесінде Тбилисиде Грузия статистика органының 105 жылдығына арналған "Гендерлік статистика арқылы инклюзивті даму жолындағы прогресті жеделдету" аймақтық конференциясы өтті, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Іс-шараға Батыс Балқан, Түркия, Шығыс Еуропа, Кавказ және Орталық Азия елдерінің ұлттық статофистерінің гендерлік мәселелер жөніндегі басшылары мен үйлестірушілері, сондай-ақ өңірлік және халықаралық ұйымдардың зерттеушілері мен саясаткерлері қатысты.
Сондай-ақ бюроның халықаралық ынтымақтастық және тұрақты даму департаментінің директоры Айнұр Досанова әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық мәселелері бойынша сауалнамалардың екі раундынан алған тәжірибесін баяндады.
Конференция барысында тиімді шешімдер қабылдау үшін гендерлік деректерді басқару, табысқа байланысты зерттеу құрылымы: проблемалар мен мүмкіндіктер, әйелдерге қатысты зорлық-зомбылыққа қарсы күрестегі деректер рөлі, гендерлік теңдік индексі, гендерлік деректерді дезагрегациялауды жақсартуды сияқты мәселелер талқыланды.
Іс-шараның негізгі мақсаты гендерлік теңдік пен әйелдер құқығы мен мүмкіндіктерін ашуға негізделген саясатты қалыптастыру үшін деректерді жақсарту саласындағы білімді кеңейту және озық тәжірибемен алмасу болды.