Грузияда халық Саакашвилидің босатылуын талап етті

600

Қазір экс-президенттің жағдайы өте қиын  

Грузияда халық Саакашвилидің босатылуын талап етті Фото: gruzinform.ge

Грузияның бірнеше қаласында халық экс-президент Михаил Саакашвилидің шетелде емделуі үшін түрмеден босатылуын талап етіп, шеруге шықты, деп жазады inbusiness.kz gruzinform порталына сілтеме жасап.

"Mtavari Channel" телеарнасының хабарлауынша, наразылық акциясының кейбіреуін Грузияның оппозициялық Біріккен Ұлттық әрекет партиясының мүшелері, ал халықаралық шерулерді адвокат және құқық қорғаушы Марк Фейгин ұйымдастырған.

Шеруге адамдар "Вивамед" клиникасында жатқан Саакашвилиді босатуды талап еткен плакаттарды ұстап шыққан. Олардың айтуынша, оның жағдайы өте қиын, егер билік оны тез арада шетелге жібермесе, қайтыс болуы мүмкін.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу