Грузияда халық тағы да митингіге шықты

788

Сонымен қатар "Бірыңғай ұлттық қозғалыс" оппозициялық партиясының өкілдері де митингіге шыққан. 

Грузияда халық тағы да митингіге шықты

Грузия ішкі істер министрі Георгия Гахарияның отставкаға кетуін талап еткен халық Тбилисидегі парламент ғимаратының алдына тағы митингіге шықты, деп хабарлайды Интерфакс-Қазақстан.    

Акцияға қатысушылар талаптары орындалғанша наразылық жалғасатынын айтты 

Олардың сөзінше, Гахария 20-21 маусым күнгі парламентті басып алуға қатысқандарға құқық қорғау органдары арнайы құралы қолданып, зардап шеккендер үшін жауап беру керек деп есептейді.         

Сонымен қатар парламент алдында "Бірыңғай ұлттық қозғалыс" оппозициялық партиясының өкілдері митингіге шыққан. Олар БҰҚ мүшесі, депутат Никанор Мелияның мәртебесін уақытша тоқтату және оған қатысты қылмыстық қудалау туралы бас прокуратураның өтінішін қанағаттандыруға қатысты Грузия праламентінің қабылдаған шешіміне наразылық білдіруде. 

Еске салар болсақ, 20 маусым күні Грузияға параламентаралық православия  ассамблеясының  бас ассамблеясына қатысуға ресейлік депутаттардың келуіне байланысты тәртіпсіздіктер орын алған болатын. Отырыс Грузия парламентінің ғимаратында өтіп, Ресей депутаттарын бастап келген Гаврилов регламент бойынша спикердің орнына отырған болатын. Бұл грузиялық оппозияныңа қарсылығын тудырған еді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу