Грузияда қайтыс болған Әсел Айтпаеваның ісі бойынша күдікті алқабилер сотынан бас тартты

617

Жалғыз күдікті Мұрат Мейірбеков процестің әдеттегі форматта өткенін жөн көрді.  

Грузияда қайтыс болған Әсел Айтпаеваның ісі бойынша күдікті алқабилер сотынан бас тартты

Істе "Зорлау" бабы бар болғандықтан, сот жабық түрде ұйымдастырылады. Күдіктіні адвокат пен ағасы қорғайды.

Еске сала кетсек, 26 жастағы қазақстандық Әсел Айтпаева 2021 жылдың 5 мамырында Грузияда тоғызыншы қабаттың терезесінен құлап кеткен.

Қазақстан азаматшасын зорлады және өзін-өзі өлтіруге итермеледі деген күдікпен Грузия азаматы Бесик Тордуа ұсталды. 

2021 жылдың шілдесінде ол церебральды инфарктан қайтыс болды.

Ұсталған екінші азамат Мейірбеков адам саудасымен айналысты деген күдікке ілінген.

Айтпаеваның ата-анасы суицид нұсқасына сенбейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу