Грузияда қазақстандық жасөспірім жоғалып кетті

481

Қазақстандық 13 жастағы Илья Пилпаниді іздеуге 80 өрт сөндіруші, полиция бөлімшелері, ұшқышсыз басқарылатын ұшу аппараттары, су көлігі мен шекаралық полиция тікұшағы жұмылдырылған.

Грузияда қазақстандық жасөспірім жоғалып кетті

Құтқарушылар жасөспірімді Сванетиядан да, Қара теңіз жағалауынан да іздеуде. Илья Пилпанидің суреті Грузияның ІІМ барлық бөлімдеріне жіберілді. Мұндай мәлімдемені Грузияның ІІМ арнайы брифингте Төтенше жағдайларды басқару қызметінің басшысы Теймураз Мгебришвили жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат "Грузия жаңалықтарына" сілтеме жасап.

Илья Пилпани - Қазақстан азаматы. Ол қыста әкесімен бірге Алматыдан Местиядағы туыстарына қонаққа келген. Коронавирус індетіне байланысты олар Қазақстанға қайта алмаған.

18 шілде күні таңертең Илья велосипед тебуге үйден шығып кеткен. Соңғы рет Ильяны Ленджери ауылынан көрген. Әкесі журналистерге берген сұхбатында ұлымен үйде жанжал болғанын және баланың үйден қашуды жоспарлауы мүмкін екенін жоққа шығармағанын айтты. Төтенше жағдайларды басқару қызметіне жасөспірімнің жоғалғаны туралы хабар 19 шілдеде келіп түсті.

"112" қоғамдық қауіпсіздікті басқару орталығы Грузиядағы барлық қолданыстағы телефон нөмірлеріне Илья Пилпанидің фотосуреті бар үш тілде ақпараттық қысқа мәтіндік хабарламалар жіберді, егер оларда қандай да бір ақпарат болса, 112 нөміріне қоңырау шала алады", – деп мәлімдеді Мгебришвили.

Жасөспірім жоғалып кеткеннен кейін құтқарушылар Сванетидегі Ленджери, Лашдгвери, Месгуни, Немсиа, Соли, Каэри, Лхани, Картвани, Ланхври, Искари, Цаланари, Эцери, Калаши, Ушгули, Угвали, Пари, Земо Луха, Квемо Луха, Лахамула, Нодаши, Магарди, Лезгара, Свипи, Гвебалди Соли, Каери, Лемсиа, Кашвети, Лаштгвери, Несгуни, Заргаши, Курели, Бечо, Мазери, Джорквали, Латали секілді 38 елдімекенді және олардың айналасын тексерді.

Жоғарыда аталған ауылдардағы қараусыз қалған үйлер, сондай-ақ жеті өзенге жақын аумақ, олардың арналары мен шатқалдары тексерілді. Құтқарушылар тауларды, жайылымдарды, туннельдерді қарап шықты, орманнан іздеді. Ингури өзені мен Ингури ГЭС-де іздеу жұмыстары жүргізілуде.

"Ішкі істер министрлігінің өкілдері із-түзсіз жоғалып кеткен жасөспірімнің отбасымен үнемі байланыста. Илья Пилпанидің ата-анасына күн сайын олардың жұмысы туралы ақпарат беріледі", – деп атап өтті Мгебришвили.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу