Грузияда нан фестивалі өтті

520

Жыл сайын аспазшылар ас-ауқат пісірудің қыр-сырын меңгеру үшін Тбилисиде бас қосуды әдетке айналдырған деп жазады inbusiness.kz newsgeorgia.ge-ге сілтеме жасап.

Грузияда нан фестивалі өтті Фото: newsgeorgia.ge

Шара Тбилисидегі Грузияның ұлттық ботаникалық бағында өтті. Гүржі бидайы елдің мәдени мұрасына жатады. Себебі дәнді дақылды Грузияда осыдан 6-4 мың жыл бұрын пайдаланылған. Бүгінде әлемге белгілі бидай түрінің бесеуі дәл осы елден тараған. Бидайдың жаһанға белгілі 20 түрі болса, соның 14-і Грузияда өседі.

Фестивальге келген қауым жергілікті ұннан жасалған сан алуан тағамның дәмін екі күн бойы татты. Шотис- пури, дедас-пури, хачапури бұл – грузиннің дәстүрлі тағамдарының атаулары. Бір қызығы елдің әр өңірінде ас-ауқат дайындаудың тәсілі әр түрлі. Сондықтан да аспаздар мен бидай өндірушілер ұлттық дәм мен оның алуантүрлілігін толық танып-білу үшін фестивальге арнайы келеді. Грузин наубайшылары фестивальге келген қонақтарды тәтті тоқаштармен қарсы алды. Кез келген адам мұнда өз талғамына сай тәтті нанды таба алады.

Фестивальдің тағы бір ерекшелігі – нан туралы фотосуреттер мен плакаттар да қойылған.

Соңғы онжылдықта Грузияда бидай өсіру дәстүрі ұмыт бола бастады. Сондықтан гүржі халқы енді ұмытылып кеткен немесе жойылып бара жатқан бидай түрлерін өсіруді ерекше назарға алған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу