Грузияда ортағасырлық монастырь маңында жартас құлады

404

Грузияда ортағасырлық Шиомгвиме монастырының жанында жартас құлады. Апат туралы алғаш куәгерлердің әлеуметтік желіде жариялаған бейнематериалдарында хабарланды.  

Грузияда ортағасырлық монастырь маңында жартас құлады Фото: aif.ru

Грузия патриархиясының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып, Rustavi 2 телеарнасы оқиғаның салдарынан ешкім зардап шекпегенін, монастырьдің өзі бүлінбегенін жазады, деп хабарлайды Inbusiness.kz.

Шиомгвиме Тбилисиден 30 шақырым қашықтықта орналасқан және Мтквари өзенінің солтүстік жағалауындағы тар әктас шатқалында орналасқан. Бұл монастырь —туристер арасында танымал орындардың бірі.

Тамыз айының басында көшкін Рача шетіндегі Шеви курорттық орнына түскенін еске саламыз. Көпірлер, жолдар мен Sunset showee қонақ үйі зақымданды. Бейсенбіде оқиға орнына шекара полициясының екі тікұшағы жіберілді, кеше тағы екеуі ұшты. Екі күн ішінде 210 адам эвакуацияланды. ТЖ салдарынан 16 адам қаза тапты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу