Грузияда өрттен 11 адам көз жұмды

949

Грузияда өрттен 11 адам көз жұмды

Грузияның Батуми қаласындағы қонақүйлердің бірі отқа оранып, өрт сөндірушілер 4 сағаттай тілсіз жаумен арпалысты. Мұнда бірнеше күннен соң "Грузия аруы" байқауы өтуі керек еді, деп хабарлайды 24.kz.

Грузияның теңіз қақпасы саналатын Батуми қаласындағы ең әдемі қонақүй 4 сағат бойы отқа оранды. Болжам бойынша, өрт спа-салоннан шыққан. Куәгерлер қонақүйдегі адамдардың жартысы құтқару сатыларымен, қалғаны арнайы дәліз арқылы шығарылғанын айтады. Құтқарылғандар арасында осы демалыс күндері өтетін "Мисс Грузия" байқауына қатысушылар да бар.

Өршіген өрттен 11 адам қаза тапты. Құрбан болған 10 азамат – грузиялық, ал біреуі – ирандық.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу