Грузияда Парламент сайлауы болып жатыр

749

Сайлауда жеңген партия 40%-дан астам дауыс алса ғана үкіметті құра алатын жаңа ереже бекітілді.  

Грузияда Парламент сайлауы болып жатыр

120 депутат партиялық тізіммен 30-ы көпшілік округтер арқылы сайланады. Алдыңғы 2016 жылғы сайлауда 77 депутат партиялық тізім бойынша, 73-і мажоритарлық округтер арқылы сайланған.

Биыл парламент мақұлдаған жаңа сайлау жүйесі сайлау субъектілері үшін кіру тосқауылын 5%-дан 1%-ға түсірді. Сондай-ақ сайлауда жеңген партия 40%-дан астам дауыс алса ғана үкіметті құра алатын жаңа ереже бекітілді.  

Орталық сайлау комиссиясының хабарлауынша, Грузиядағы парламенттік сайлауға 48 саяси партияның 50 субъектісі және екі сайлау блогы қатысады. ОСК-ға тіркелген 3 миллион 526 мың 023 сайлаушының дауыс беру құқығы бар, оның ішінде 14 мың 170-і шетелде. Грузия аумағында 3 мың 657 сайлау учаскелері ашылады. Грузиядан тыс жерлерде 38 мемлекет 52 сайлау учаскесінде сайлау өткізеді.

ОСК Грузияда 127 сайлау учаскелері арнайы құрылғанын, онда дауыс беру көшпелі жәшіктердің көмегімен дауыс беру COVID-19 коронавирус инфекциясын жұқтырған азаматтар жатқан ауруханаларда, арнайы қонақүйлерде, үйде және карантинде емделіп жатқан азаматтар арасында өтетінін хабарлады. Бұл учаскелерде 10 мың 845 азамат дауыс беруге қатысады.

ОСК COVID-19 пандемиясы жағдайында сайлау учаскелерінде дауыс беру дәрігерлердің барлық ұсыныстарын ескере отырып өтетінін атап өтті.

Грузиядағы парламенттік сайлауды 48 халықаралық (910 бақылаушы) және 130-дан астам жергілікті (47 мыңға жуық бақылаушы) ұйым бақылайды.

Сондай-ақ Грузиядағы парламенттік сайлаумен бір мезгілде, 31 қазанда Аджарияда Аджария Автономиялық Республикасының Жоғарғы Кеңесіне сайлау өтеді.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу