Грузияда полиэтилен қаптарын шығаруға тыйым салынады

1166

Алайда жергілікті өндірушілер үкіметтен тыйым мерзімін кейінге ысыруды сұрап отыр. 

Грузияда полиэтилен қаптарын шығаруға тыйым салынады

Бірінші сәуірден бастап Грузияда бірретік полиэтилен қаптарын шығаруға және сатуға тыйым салынады, деп хабарлайды 24.kz.

Оның орнын биологиялық жолмен ыдырайтын қаптар ауыстыруы керек. Алайда жергілікті өндірушілер бұған әлі дайын емес екені анықталып, олар үкіметтен тыйым мерзімін кейінге ысыруды сұрап отыр. 

Кәсіпкерлерді алаңдатып отырған тағы бір мәселе – биоқаптар шығаруға арналған шикізат. Қазір әлемде оған сұраныс жоғары болғандықтан, өнім тапшы. Экологиялық таза қаптар негізінен бидай және жүгері талшықтарынан жасалады. Олардың толық ыдырау мерзімі – 3 ай. 

Жаңа ережелерге үкіметтің өзі де дайын емес. Биоқаптардың сапасын тексеретін зертхана әлі жоқ.

Қарапайым тұрғынға целофанды биоқаптан ажырату қиын. Сол себепті кәсіпкерлер қоршаған ортаны қорғау министрлігімен белсенді келіссөздер жүргізіп жатыр. Яғни тыйым мерзімін ұзарту-ұзартпау туралы шешім айдың аяғында қабылданады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу