Грузияда "ресейлік балама заңға" қарсы митингіде оппозициялық партия басшысы соққыға жығылды

279

Ол ауруханаға жеткізілген. 

Грузияда "ресейлік балама заңға" қарсы митингіде оппозициялық партия басшысы соққыға жығылды Фото: видео скриншот

Грузияның Тбилиси қаласында өтіп жатқан шеруде ең ірі оппозициялық партия – Бірыңғай ұлттық қозғалыстың төрағасы Леван Хабеишвили соққыға жығылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Рустави 2 арнасына сілтеме жасап.

Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, Хабеишвилидің көзі соққыдан қатты қарайып кеткен. Ол ауруханаға жеткізілген.

"Еш жерім ауырмайды, бәрі өтеді де кетеді", - деді Бірыңғай ұлттық қозғалыстың жетекшісі.

Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, митингіде құқық қорғау органдарының үш қызметкері жарақат алып, ауруханаға жатқызылған. Департамент зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсету үшін шерулер болған жерде жедел жәрдем бригадалары жұмылдырылғанын атап өтті.

Ұсталғандардың нақты саны әзірге белгісіз. Грузиялық БАҚ-тың хабарлауынша, 15-тен астам адам ұсталған.

Грузия президенті Саломе Зурабишвили Ішкі істер министрлігінің басшысы Вахтанг Гомелауриді Тбилисидегі шеруді таратуды тоқтатуға шақырды және шетелдік агенттер туралы заңға қарсы жүргізіліп жатқан әрекетті бейбіт деп атады.

Еске салайық, Тбилисиде 17 сәуір күні кешке Грузия парламенті "Шетелдік ықпалдың ашықтығы туралы" заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдағаннан кейін мыңдаған адам наразылық шеруіне шыққан еді. 

Наразылыққа қатысушылар үкімет ғимаратының алдына келіп, Грузияның премьер-министрімен кездесуді талап етті.

Сондай-ақ олар парламент ғимаратының жанындағы Руставели даңғылында көлік қозғалысын жауып, "Ресей заңына жол жоқ", "Орыс арманына жол жоқ", "Еуропа – өркениет жолы" деп ұрандаған. 

Тбилисидегі DW тілшісінің хабарлауынша, бұл жолы парламент ғимараты маңында 16 сәуірде митингке 15 мыңға жуық адам қатысқан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу