Грузияда сайлау нәтижесіне наразылар көшеге шықты

1195

Грузияда сайлау нәтижесіне наразылар көшеге шықты

Грузияның Тбилиси қаласында мыңдаған халық елде өткен президенттік сайлау қорытындысына наразылығын білдіріп шеруге шықты, деп хабарлайды 24.kz.

Ашуға бой алдырғандар сайлау нәтижесі бұрмаланды деп отыр. Саяси доданың екінші кезеңіне сәйкес Саломе Зурабишвили 59,5 пайыз дауыспен жеңіске жеткен болатын. Ал 40,4 пайыз дауықа ие болған оның басты қарсыласы Григол Вашадзе сайлауда көптеген заңбұзушылық болғанын айтады. Осыған орай қазір оппозиционерлер сайлау қорытындысын келіспеушілігін сотқа шағымдау арқылы білдірмек.

"Грузиядағы сайлау учаскелерінің бірінде жалған құжаттар табылды. Бұл 10 жыл бұрын қайтыс болған адамдардың төлқұжаттары. Олар тіріліп, сайлауға дауыс беруге келген ғой. Біздің демократиямыздың көрінісі осы", - дейді Грузия президенттігінен үміткер Григол Вашадзе.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу