Ұсталғандардың барлығы-Грузия азаматтары, олар "ИМ" (ҚР аумағында тыйым салынған ұйым) ықпалды көшбасшыларының бірімен байланыста болған және бірқатар елдерде түрлі лаңкестік әрекеттерді жоспарлаған, деп жазады inbusiness.kz.
Құқық қорғау органдары ұсталғандардан электронды тасымалдағыштарды, оқ-дәрілер мен жарылғыш заттарды және т. б. тәркіледі.
"Тергеу аясында Терроризмге қарсы орталық қолға түскен түрлі ақпарат негізінде әртүрлі шет елдердің аумағында белгілі бір террористік әрекеттерді анықтады, қауіп-қатердің өсуіне байланысты әріптес елдерге олардың жоспары жайлы дереу хабарланды. Айта кетейік, осы іс аясында соттың бұйрығы бойынша ІІМ Көші-қон департаментінің уақытша орналастыру орталығына жеткізілген шет мемлекеттің бір азаматына қатысты қылмыстық іс қозғалды", - делінген МҚҚ хабарламасында.