Грузияда жер сілкінісі сезілді

639

Грузияның шығысында 3,3 баллдық жер сілкінісі болды. 

Грузияда жер сілкінісі сезілді Фото: Lenta.ru

Бұл туралы республиканың Ұлттық сейсмикалық мониторинг орталығы хабарлайды, деп жазады inbusiness.kz.

Жер асты дүмпулері жергілікті уақыт бойынша сағат 00.02-де (Астана уақытымен 02.02) тіркелді. Жер сілкінісінің эпицентрі Тбилисиден 59 шақырым жерде, Дманиси қаласының маңындағы Мамишрали ауылының жанында 10 шақырым тереңдікте болды.

Зардап шеккендер мен қираған ғимараттар туралы ақпарат болған жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу