Грузиядағы ЕО бақылаушылар миссиясының басшысы өзгерді

371

Димитриос Карабалис Польшадан келген Марек Щигельдің орнын басты. 

Грузиядағы ЕО бақылаушылар миссиясының басшысы өзгерді Фото: cdnuploads.aa.com.tr

Грузиядағы Еуропалық Одақтың бақылаушылар миссиясының жаңа басшысы болып грек дипломаты, елдегі бұрынғы елші Димитриос Карабалис тағайындалды. Бұл туралы миссияның Twitter парақшасында айтылған, деп жазады inbusiness.kz.

Дипломат миссияны 2020 жылдың наурызынан бастап басқарған Польшадан келген Марк Щигельдің орнына келді.

Еуропалық Одақ бақылаушыларының қарусыз азаматтық миссиясы Грузияда 2008 жылдың қыркүйегінде орналастырылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу